«СЕРІКТЕС» КОНКУРСЫНЫҢ ҚАҒИДАЛАРЫ
1. Арналымы мен қолданылу аясы
Осы қағидалар «Казцинк» ЖШС-мен серіктестік орнату аясында Қазақстан Республикасының шағын және орта бизнес жобаларының конкурсын өткізу тәртібін белгілейді.
2. Негізгі терминдер, анықтамалар мен қысқартулар
Осы қағидаларда КСЖ сөздігіне сәйкес терминдер, анықтамалар қолданылады. Оларға қосымша келесі терминдер мен олардың анықтамалары белгіленген:
ҚР ШОБ – Қазақстан Республикасының шағын және орта бизнесі;
Конкурс – осы қағидаларға сәйкес жеңіске лайық үздік үміткерлерді (конкурсқа қатысушыларды) анықтау үдерісі;
Компания – конкурсты ұйымдастырушы рөліндегі «Казцинк» ЖШС;
Конкурстық комиссия – компания конкурс кезеңінде конкурсқа қатысушылардан ұсыныстар жинау рәсімдерін іске асыру үшін және «Казцинк» ЖШС өндірістік қызметінде пайдалануға тиімді, сондай-ақ оның бөлімшелері бар өңірлерде іске асырылуы ықтимал қызықты жобаларды іріктеу үшін құрған алқалы орган;
Инвестициялық комитет – «Казцинк» ЖШС-ның өндірістік қызметі үшін ҚР ШОБ-ның ең тиімді жобаларын таңдау рәсімін орындау үшін және оларды қаржыландыруға/қоса қаржыландыруға ұсыну туралы шешім қабылдау үшін құрылған алқалы орган;
Конкурс өткізілетін кезең – 31.08.2023 ж. дейін, компанияның бастамасымен ұзартылуы мүмкін;
БАҚ – бұқаралық ақпарат құралдары;
Конкурсқа қатысушылар – тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуда, сондай-ақ ШОБ жобасын қаржыландыру/қоса қаржыландыруда компаниямен серіктестік орнату үшін жобалар (ұсыныстар) конкурсында жеңістен үміткер ретінде әрекет ететін кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлға не заңды тұлға, сондай-ақ заңды тұлғалардың уақытша бірлестігі (консорциум);
Тауарлар – заттар (нәрселер), оның ішінде жартылай дайын өнімдер немесе қатты, сұйық немесе газ тәріздес шикізат, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сатып алу-сату мәмілелерін жасауға болатын зияткерлік меншік құқығының объектілері;
Жұмыстар – нәтижелерінің матералдық көрінісі бар, компанияның қажеттіліктерін өтеуге бағытталған қызмет;
Қызметтер – нәтижелерінің матералдық көрінісі бар, компанияның қажеттіліктерін өтеуге бағытталған қызмет;
3. Компаниямен серіктестік орнату аясында ҚР ШОБ жобалары конкурсын өткізудің мақсаты
3.1. Жобалар конкурсы компанияның айналасында кен өнеркәсібінің қажеттілігі саласындағы тауар өндірушілердің, жұмыстар мен қызметтерді жеткізушілердің тұрақты дамып келе жатқан отандық белдеуін кеңейту, сондай-ақ компания орналасқан өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына көмектесетін кәсіпкерлік субъектілерін көбейту мақсатында өткізіледі.
4. Конкурсқа қатысу, өтінімдер қабылдау тәртібі
4.1. Компанияның ағымдағы және болашақтағы сатып алуларының тізбесіне кіретін тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің, сондай-ақ компания орналасқан өңірлердің әлеуметтік-әкономикалық дамуы үшін айтарлықтай құндылығы бар тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің отандық өндірушілері конкурс қатысушылары бола алады.
4.2. Конкурсқа қатысу тәртібі:
- Егер конкурсқа қатысуға үміткер ТЖҚ өндірушісі болып табылса, онда ол https://contractor.kazzinc.com/ сайтына кіріп, компанияның ТЖҚ сатып алуының жылдық бағдарламасымен таныса алады. Егер конкурсқа қатысушы өндіретін өнім компанияның қажеттілігі болып табылса және импорт алмастырушы ретінде қарастырылуы мүмкін болса, онда конкурсқа қатысушы шығаратын өнімі туралы ақпаратты partner@kazzinc.com электронды мекенжайына жіберуі қажет.
- Егер конкурсқа қатысуға үміткер компанияның қажеттілігі үшін Қазақстан Республикасы аумағында импорт алмастырушы позиция ретінде қарастырылатын өнім, жұмыс және көрсетілетін қызмет өндіруді жоспарласа және оған оған компания тарабынан қаржыландыру/қоса қаржыландыру талап етілсе, үміткерге https://contractor.kazzinc.com/ сайтынан ТЖҚ сатып алуының жылдық бағдарламасымен танысу керек, көлемі 20 слайдтқа дейінгі презентациялық материал жолдау қажет, онда: жоба туралы ақпарат, ұсыныстың мәні, қолданылатын саласы, жобаның экономикалық тиімділігіне қаржылық емептеулер (көрсеткіштер), ұсынылатын жобаны жүзеге асыруға қажетті өнеркәсіптік қуатты есептеу, қуаттарының барлығын немесе оларды сатып алу жоспарын/жалға алу шартын растау, тиісті біліктіліктегі мамандардың барлығын растау, шығарылатын/шығару жоспарланған өнімнің (тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер) техникалық құжаттары.
- Егер конкурсқа қатысуға үміткердің жобалары компания өндірісіне тікелей қатысы болмаса, бірақ қоғам үшін пайдалы болса: мысалы, қоршаған ортаға теріс әсерді азайтады; ерекше балалармен, оларды тәрбиелеп отырған отбасылармен, оның ішінде жалғызбасты ата-аналармен қызмет істеуге жұмыс орындарын құрады; салауатты өмір салтын, бос уақытқа, дамуға және т. б. жағдайлар жасайды және қолдайды. Онда мұндай жағдайда үміткер көлемі 20 слайдтқа дейінгі презентациялық материал жолдау қажет, онда: жоба туралы ақпарат, ұсыныстың мәні, қолданылатын саласы, жобаның экономикалық тиімділігіне (көрсеткіштер) қаржылық емептеулер (немесе онсыз) немесе жобаның әлеуметтік маңызын негіздеме; ұсынылатын жобаны жүзеге асыруға қажетті өнеркәсіптік қуатты есептеу, қуаттарының барлығын немесе оларды сатып алу жоспарын/жалға алу шартын растау, тиісті біліктіліктегі мамандардың барлығын растау, шығарылатын/шығару жоспарланған өнімнің (тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер) техникалық құжаттары.
- Жобаның әлеуметтік маңыздылығы келесі өлшемшарттар бойынша бағаланады: ерекше балалармен және олардың ата-аналарымен жұмыс істеуге кемінде 10 жұмыс орнын ұйымдастыру; тұрғындардан кемінде 100 адамды қамтитын салауатты өмір салтына, бос уақытқа, дамуға жағдай жасау және қолдау; тиімділікті есептеумен расталған қоршаған ортаға теріс әсерді азайту. Әлеуметтік құрамды ескерсек, кейбір позицияларда ақпарат болмауы да мүмкін.
Әлеуетті серіктесті тіркеу үшін үміткер жолданатын жоба туралы ақпаратқа толтырылған сауалнаманы (А қосымшасы) қоса беру қажет.
Конкурсты өткізу барысында үміткерлерден алынған барлық ақпарат құпия болып табылады және ол аяқталғанша жария етілмейді.
5. Конкурстың ұйымдастырушы құрылымы
Конкурстың ұйымдастырушы құрылымына жататындар:
5.1. Комиссия төрағасынан, мүшелері мен хатшыдан тұратын конкурстық комиссия. Конкурстық комиссия құрамы В қосымшасында белгіленген. Конкурстық комиссия жобаның тиімділігін анықтау жұмыстарына өзге де бейіндегі қызметтердің мамандарын жұмылдыруға құқылы.
5.2. Құрамы В қосымшасында айқындалған инвестициялық комитет жобаны таңдау, қаржыландырудың көлемі мен шарттары туралы қорытынды шешім қабылдайды, ол әрі қарай компанияның бас директорына бекітуге жолданады.
Ұйымдастырушы құрылым В қосымшасында ұсынылған.
6. Конкурсты өткізу тәртібі
6.1 Конкурстық комиссия БАҚ-та және әлеуметтік желілерде (Қазақстан Республикасының сегментінде орналасқан) конкурс өткізу туралы және ҚР ШОБ-нан ұсыныстар (жобалар) жинау рәсімі ашылғаны туралы хабарлайды;
6.2. БАҚ-та және әлеуметтік желілерде конкурс туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін конкурсқа қатысуға үміткерлер өтінім мен құжаттарын partner@kazzinc.com арнайы электронды мекенжайына жолдайды (оы қағидалардың 4.2- т.);
6.3. Компанияның конкурстық комиссиясы бағыты бойынша бейінді мамандарды жұмылдыра отырып, ҚР ШОБ-ның ұсыныстарын (жобаларын) қабылдайды және өңдейді және өтінімді алғаннан кейінгі айдың 20-на дейінгі мерзімде ұсынылған құжаттардың біліктілік талаптарына және конкурсқа қатысуға өтінім берген кезде қатысушыларға қойылатын талаптарға сәйкестігін талдайды және одан әрі инвестициялық комитетке тапсыруға (қашықтықтан қарауға жолдайды) неғұрлым болашағы зор жобаларды іріктейді.
6.4. Инвестициялық комитет әр айдың 30-на дейінгі мерзімде конкурстық комиссиядан келіп түскен жобаларға компанияның қажетті бейіндегі қызметтерін/мамандарын жұмылдыра отырып сараптамалық бағалау жүргізеді, жеңімпаздарды, сондай-ақ қаржыландырудың мүмкіндігін, мөлшері мен шарттарын айқындайды. Одан кейін шешім компанияның бас директорына бекітуге жіберіледі;
6.5. Жобаны қатысуға қабылдау/қабылдамау туралы ақпаратты өтінім берушіге конкурстық комиссия өтінім алынған айдан кейінгі айдың 30-на дейін жібереді. Конкурстағы жеңіс туралы ақпаратты өтінім берушіге конкурстық комиссия компанияның бас директорының шешімінен кейін 10 жұмыс күні ішінде жібереді (6.4-т.). Конкурс жеңімпаздарымен келісім жасалады, оның түрі жоба ТЖҚ-сының қолданылу саласы мен шарттарына қарай айқындалады: меморандум, оффтейк-келісімшарт немесе ниет туралы шарт (ҚР АК 390-бабына сәйкес мұндай құжатқа алдын ала шарт күшін бермей) немесе келісімшарт – әрбір жағдайда жеке тәсіл қолданылатын болады;
6.6. Компания бөлімшелері бар елді мекендерде бірқатар жұмыс орындарын құру, сондай-ақ әйелдерді, балаларды оның ішінде ерекше балаларды жалғыз тәрбиелейтін ата-аналарға жұмыс орындарын құру, азаматтардың ерекше топтарына жұмыс орындарын құру көзделетін жекелеген әлеуметтік маңызы бар жобалар бойынша, қоғамдастықтың өмірін жақсартатын жобалар бойынша компания тарапынан ішінара немесе толық қаржыландыруға, кредиттік мөлшерлемені үлестік қаржыландыруға, қаржылық қолдаудың басқа да нысандарына жобалар қабылдануы мүмкін;
6.7. Қаржыландыру туралы шешім қабылдаудағы негізгі өлшемшарттар: баға-сапа өлшемшарттарының тиімді теңгерімі кезінде өндірістік үдеріске тұрақты қажеттіліктің бар-жоқтығы, импортты алмастыруға бағытталуы, орналасқан өңірлерді дамыту, жаңа жұмыс орындарын құру, елеулі әлеуметтік маңызы бар жобалар;
6.8. Конкурстың жеңімпаз жобаларын қаржыландыру компанияның өзінің, арнайы бөлінген қаражатынан іске асатын болады;
6.9. Конкурстық комиссия жыл көлемінде БАҚ пен әлеуметтік желілерде конкурстың оң нәтижелері туралы ақпарат жарияланымдарына жүйелі түрде бастама білдіреді.
В қосымшасы
(анықтамалық)
Конкурстың ұйымдастырушы құрылымы
С қосымшасы
(анықтамалық)
Өтінімдерді қарастыру схемасы