1990 жылы туған. Eastern Mediterranean University (Солтүстік Кипр) «Банк ісі және қаржы» мамандығы бойынша, Эссекса (Ұлыбритания) Университетінің Бизнес мектебін «Банк ісі және қаржы» мамандығы бойынша тәмамдаған. Корпоративтік қаржы, стратегиялық және қаржылық жоспарлау, инвестициялық жобаларды басқару, тәуекелдерді басқару және корпоративтік басқару саласында мол тәжірибесі бар. 2016 жылдан бастап «ҚазМұнайГаз Өнімдері», «KPI Inc.» және «KLPE» компанияларында басшылық лауазымдарды атқарды.
2023 жылғы наурыз айынан бастап – «Силлено» ЖШС-ның бас директоры.
2025 жылғы тамыз айынан бастап «Самұрық-Қазына» АҚ Мұнай-газ активтері департаментінің директоры болып жұмыс істеді.
2026 жылғы шілде айынан бастап жалғыз акционердің («Самұрық-Қазына» АҚ) өкілі ретінде «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.
2026 жылғы тамыз айынан бастап «QazaqGaz» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы және «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі болып тағайындалды. Сондай-ақ, Қазақстан триатлон федерациясының вице-президенті.
