Суреш Ваднагра Батыс Австралия университетін «Машина жасау» мамандығы бойынша бітірді. Содан кейін ол «Менеджмент» мамандығы бойынша Оңтүстік Крест университетін тәмамдады. 30 жылға жуық тәжірибесі бар Суреш Ваднагра 2024 жылы Гленкорға Мырыш департаментінің өндірістік активтерінің жетекшісі болып келді, ал қазір ол Glencore -дағы бүкіл никель мен мырыш өндірісіне жауапты. Сурештің Австралияда, Оңтүстік-Шығыс Азияда, Африкада, Тынық мұхиты аймағында, Оңтүстік және Солтүстік Америкада және Еуропада айтарлықтай халықаралық тәжірибесі бар. Glencore-ға дейін Суреш Newcrest Mining Limited компаниясының техникалық директоры және жобалар жөніндегі директоры қызметін атқарды, онда ол базалық құнды жасауға жауапты болды. Бұған дейін Суреш MMG Limited өндірісінде бас атқарушы директор болып жұмыс істеген. Ол бұған дейін Перудегі Las Bambas компаниясының президенті және Лаостағы Sepon компаниясының бас директоры қызметтерін атқарған. Сурештің бизнесті әкімщілендіру магистрі (MBA) дәрежесі, энергетиканың тұрақты дамыту саласы бойынша диплонан кейінгі біліктілігі бар, ол – білікті инженер-механик.
Жабық
