Нариман Абсаметов Нариман Абсаметов

Нариман Абсаметов

«Kazzinc Holdings» ЖШС Директорлар кеңесінің мүшесі, «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Басқарма төрағасы

1988 жылы туған. 2009 жылы Қазақстандық менеджмент, экономика және болжау институтын (KIMEP) «Іскерлік әкімшілендіру және бухгалтерлік есеп бакалавры» мамандығы бойынша бітірді. Содан кейін Австралия ұлттық университетінде оқуын жалғастырып, қолданбалы қаржы магистрі дәрежесін алды.

2017-2021 жылдары «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ бизнесті дамыту жөніндегі бас директоры және инвестиция департаменті директоры болып жұмыс істеді. 2021-2023 жылдары «Recources Capital Group» ЖШС инвестициялық директоры қызметін атқарды. 2023 жылғы маусымнан бастап «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ бизнесті дамыту жөніндегі бас директоры лауазымын атқарды, ал 2025 жылғы ақпаннан бері «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Басқарма төрағасы.