1989 жылы туған. 2010 жылы Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын (KIMEP) «Экономика» мамандығы бойынша бітірді. 2010-2011 жылдары Қазақстан Республикасының «Болашақ» халықаралық шәкіртақысы бойынша оқуын Ұлыбританияда City University London-да жалғастырып, бизнес-экономика саласындағы ғылым магистрі (MSc) дәрежесін алды. 2024 жылдан бері Warwick Business School-да MBA дәрежесіне үміткер.
Еңбек жолын «ҚМГ Қашаған Б.В.» ЖШЖК-де экономика маманы ретінде бастады. 2017 жылы «Қазмұнайгаз» АҚ Қазынашылық және жоспарлау департаменті директорының орынбасары болып тағайындалды. 2020 жылы «Самұрық-Қазына» АҚ Экономика және жоспарлау департаментінің директоры. 2021-2022 жылдары Қазынашылық департаментін басқарды, ал 2023 жылдан бері «Самұрық-Қазына» АҚ экономика және қаржы жөніндегі тең басқарушы директоры.
