Қазіргі уақытта Гэвин Солтүстік Америкада, Еуропада, Азия мен Австралияда никель мен мырыш өндіру және шығару бойынша Glencore кәсіпорындары мен жобаларында қаржыны, коммерциялық стратегияны, корпоративтік басқару мен аудит функциясын басқарады. Ол сондай-ақ Glencore-дың Қазақстандағы мырыш пен бағалы металдар өндіру және шығаратын интеграцияланған кәсіпорны «Казцинк» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы.
Кен өндіру саласында 25 жылдан астам жалпы жұмыс өтілі бар Гэвин көмір, мыс және мырыш департаменттерінде бірқатар басшылық қызмет атқарды. Қазіргі лауазымына тағайындалмай тұрып ол Колумбиядағы Prodeco компаниясының президенті қызметін атқарды. Ол бұған дейін Оңтүстік Африкадағы Glencore Operations компаниясының қаржы директоры, Glencore-дың жаһандық активтерді сатып алу жөніндегі басқарушы директоры, De Beers және Deloitte-тағы тәжірибесіне сүйеніп, Mopani Copper Mines компаниясының қаржы директоры қызметтерін атқарған.
Гэвин сертификатталған бухгалтер және коммерция саласындағы ғылымдардың бакалавры дәрежесіне ие (үздік диплом). Ол Швейцарияның Баар қаласындағы Glencore штаб-пәтерінде жұмыс істейді.
