Активтерді басқару, корпоративтік қаржы, металлургия мен кен байыту секторын стратегиялық дамыту саласында жиырма жылдан астам жұмыс өтілі бар кен ісі және қаржы саласының кәсіби маманы. 2013 жылдан бері «Glencore International AG» компаниясында «Казцинк» ЖШС активінің менеджері ретінде жұмыс істейді, сондай-ақ «Kazzinc Holdings Ltd» компаниясы Директорлар кеңесінің мүшесі. Ірі кен және металлургия жобалары мен компанияларын басқаруда тәжірибесі мол, өсу бастамаларын ілгерілетуде де тәжірибесі бар.
Бұған дейін Фарит Тазетдинов басшылық лауазымдар атқарған және Glencore-дың Қазақстандағы еншілес компаниялары басқармасының құрамында болған, сондай-ақ банк саласында Royal Bank of Scotland, ABN AMRO Bank және Қазақстанның Ұлттық банкінде корпоративтік қаржы және инвестициялық банкингке маманданған жұмыс тәжірибесі бар.
Фарит Тазетдиновтің Рочестер технологиялық институтының іскерлік әкімшілендіру магистрі дипломы (Қазақстан Президентінің «Болашақ» шәкіртақысының иегері, Beta gamma Sigma Халықаралық бизнес-қауымдастығының мүшесі) және Алматы мемлекеттік университетінің қаржы саласы ғылымының бакалавры дипломы (үздік) бар.
