hero-bg

Жанботин Жанат Дүйсенұлы Жанботин Жанат Дүйсенұлы

Жанботин Жанат Дүйсенұлы

Қаржылар жөніндегі атқарушы директор

1980 жылы туған. 2001 жылы «Қаржы және кредит» мамандығы бойынша Л.Н. Гумилев атындағы Евразия мемлекеттік университетін тәмамдаған. Қызметтік өсу жолын 2002 жылы банк саласынан бастады. Металлургия мен кен ісіне 2007 жылы «Васильковск КБК» АҚ (қазіргі кезде «Казцинктің» Ақмола облысындағы алтын кені бөлімшесі – «Altyntau Kokshetau» АҚ) сатып алулар және жабдықтау департаментінің директоры лауазымына кіріскен сәттен бастап араласты. Бұл лауазымда 2017 жылға дейін істеді және қаржы мәселелеріне жетекшілік етті. 2016 жылы «Кен ісі» мамандығы бойынша Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін бітірді. Сондай-ақ Швейцария бизнес мектебінің МБА дәрежесін алды.

2017 жылдан «Kazzinc Holdings» ЖШС бас директорының қаржылар жөніндегі орынбасары болды.

2021 жылғы маусым айынан бері «Казцинктің» қаржылар жөніндегі атқарушы директоры болып табылады.