hero-bg

Завьялов Валерий Александрович Завьялов Валерий Александрович

Завьялов Валерий Александрович

Кен байыту өндірісі жөніндегі атқарушы директор

1960 жылы туған. 1979 жылы Лениногор кен-металлургия техникумын «техник-байытушы» мамандығы бойынша тәмамдаған. 1987 жылы Ленинград кен институтында «кен инженері-құрылысшы» мамандығы бойынша диплом алды. «Казцинкте» жұмысқа тұрғанға дейін Норильскіде кен өндірісінде және Шығыс Қазақстан облысындағы өнеркәсіптік кәсіпорындарда жұмыс істеді.

«Казцинкке» 1999 жылы кен байыту өндірісі директорының орынбасары лауазымына қабылданды. Компанияда жұмыс істеген кезеңде Экология, қауіпсіздік және еңбек қорғау қызметінің бас техникалық жетекшісі, өнрекәсіптік қауіпсіздік жөніндегі бас менеджер және бас кенші болып тағайындалған. 2007 жылдан 2012 жылға дейін Риддер кен байыту кешенін басқарды. 2014 жылдан бастап кен байыту өндірісі жөніндегі атқарушы директор лауазымында.

2009 жылы ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен және «Казцинк» ЖШС-нің алтын белгісімен марапатталды. «Өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан елеулі үлесі үшін» төсбелгісін алған. ІІІ дәрежелі «Кеншi даңқы» (знак «Шахтерская слава») төсбелгісіне ие болды. Республикалық тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындары қауымдастығы құрмет грамотасына ие болды. 2019 жылы «Риддер қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.