hero-bg

Тоқжігітов Тимур Сейсенғазыұлы Тоқжігітов Тимур Сейсенғазыұлы

Тоқжігітов Тимур Сейсенғазыұлы

Металлургия жөніндегі атқарушы директор – Металлургия кешенінің директоры

1985 жылы дүниеге келген. Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін «Түсті металдар металлургиясы» мамандығы бойынша, ал Қазақстан-Американдық еркін университетін «Менеджмент» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Ол Казцинктегі еңбек жолын 2008 жылы ӨМК тазарту және аффинаж цехы қорғасын тазарту бөлімшесінің балқытушысы болып бастады.

Әр жылдары мыс заводында технолог, қорғасын заводындағы қорғасын Айзасмелт балқыту цехында технолог, ӨМК өндірістік департаментінің бастығы, қорғасын заводының директоры қызметтерін атқарды. Кәсіби жолында біртіндеп өсіп, «Казцинк» ЖШС Металлургия кешенінің бас инженері, металлургия жөніндегі атқарушы директордың орынбасары деңгейіне дейін көтерілді.

2026 жылғы наурыз айында металлургия жөніндегі атқарушы директор – Металлургия кешенінің директоры болып тағайындалды. Оған дейін осы лауазымның міндетін уақытша атқарған.

All soviet
Бөлісу