hero-bg

Тогобецкий Виктор Юрьевич Тогобецкий Виктор Юрьевич

Тогобецкий Виктор Юрьевич

Еңбек қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі атқарушы директор

1969 жылы туған. 1992 жылы Самарқанд автомобиль командалық жоғары әскери училищесін «Автомобиль көлігін пайдалану инженері» мамандығы бойынша тәмамдады. 1992 – 1998 жылдар аралығында ҚР әскери күштерінде қызметін атқарды. 2001 жылы Британиялық қауіпсіздік кеңесте (Лондон қ.) өнеркәсіптік қауіпсіздікті басқару бойынша халықаралық дипломға, ал 2011 жылы MBA (Международный институт менеджмента LINK халықаралық менеджмент институты) менеджмент бойынша кәсіби сертификатқа ие болды. 20 жылдан астам уақыт Philip Morris, Ford Motor Company, Nestle, Alcoa, PepsiCo және НЛМК ірі халықаралық өндірістік компанияларда еңбек қорғау, өнеркәсіптік, өрт қауіпсіздігі және экологиялық қауіпсіздік мәселелері бойынша жетекшілік етті. Alcoa және НЛМК компанияларында еңбек қорғау, өнеркәсіптік, экологиялық қауіпсіздік және тұрақты даму салаларында басты корпоративтік лауазымдарда кен өндіру және металлургия салалары бойынша жұмыс тәжірибесі бар. 2013 жылдан бері «Новолипецк металлургиялық комбинаты (НЛМК)» компаниялар тобында еңбек қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі директор /еңбек қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және экология жөніндегі вице-президент болып қызмет атқарды. 2020 жылғы қыркүйек айынан бастап «Казцинктің» еңбек қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі атқарушы директоры болып табылады.