Еркебулан Куандыкович Куандыков Еркебулан Куандыкович Куандыков

Еркебулан Куандыкович Куандыков

«Жәйрем КБК» АҚ Басқарма төрағасы

1977 жылы туған. 2001 жылы Рудный мемлекеттік индустриялық институтын «Электрмен жабдықтау, өнеркәсіптегі электрофикация» мамандығы бойынша бітірді. 2014 жылы Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін «Кен ісі» мамандығы бойынша тәмамдады. «Менеджмент» және «Іскерлік әкімшілендіру шебері» мамандықтары бойынша да біліктілігі бар.

Жұмыс істеуді 2001 жылы «Васильков КБК» АҚ-да ашық кен жұмыстары кенішінің 5-разрядты экскаватор машинисіне көмекшісі болып бастады. Әр кездері кен шебері, уату учаскесінің бастығы болып жұмыс істеді. «Altyntau Kokshetau-да» ашық кен жұмыстары кеніші уату учаскесінің бастығы, уату цехының бастығы, Алтын айыру фабрикасының бас инженері болып жұмыс істеді.

2022 жылы «Жәйрем КБК» АҚ өндіріс жөніндегі атқарушы директоры болды. 2024 жылдан бері басқарма төрағасы.

All soviet
Бөлісу