Когай Игорь Сергеевич Когай Игорь Сергеевич

Когай Игорь Сергеевич

Кен байыту өндірісі жөніндегі атқарушы директор

1961 жылы туған. 1983 жылы Г.В. Плеханов атындағы Ленинград тау-кен институтын «Кен инженері-механик» мамандығы бойынша тәмамдаған.

«Казцинкке» жұмысқа тұрғанға дейін Өзбекстанда кен-металлургия өндірістерінде жұмыс істеді. Жұмыс істеген кезеңінде Мырыш заводының жөндеуші-слесарінен Мыс байыту заводының директорына дейінгі лауазымдарды атқарды. 2009 жылы халықаралық инновациялық-құрылыс компаниясының техникалық директоры қызметін атқарды.

2010 жылы «Казцинкке» Көкшетаудағы «ВАСИЛЬКОВСК КБК» АҚ алтын алу заводының директоры лауазымына келді, кейіннен оның атауы «ALTYNTAU KOKSHETAU» АҚ болып өзгертілді. Екі жыл бас директордың кеңесшісі болып еңбек етті. Ал 2014 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «ALTYNTAU KOKSHETAU» АҚ-тың бас директоры лауазымын атқаруда.

2022 жылғы қазан айынан бері кен байыту өндірісі жөніндегі атқарушы директор қызметін қоса атқаруда.

1992 жылы Өзбекстан Республикасы Президентінің құрмет грамотасымен марапатталған. 2017 жылы ІІІ дәрежелі «Кенші даңқы» төсбелгісін иеленді.