hero-bg

Бенеш Мирек Бенеш Мирек

Бенеш Мирек

Геологиялық барлау жөніндегі атқарушы директор

1960 жылы туған. Чехиядағы Карл университетін «Геохимия, негізгі геология және тыңайған жерлер геологиясы» мамандығы бойынша тәмамдаған. 1996 жылы канадалық Barrick Gold Corporation компаниясына геологиялық барлау жұмыстары жөніндегі өңірлік менеджер болып жұмысқа кірді.

Келесі жылдары Barrick Gold Russia және Barrick Gold Kirghizstan еншілес кәсіпорындарының бас директоры лауазымын атқарған. 2006 жылы канадалық Altynor Gold Corporation компаниясының президенті болды. Екі жылдан соң объектілері Скандинавия елдерінде орналасқан Northland Resources S.A компаниясына геологиялық барлау жөніндегі  вице-президент болып қабылданды. 2011 жылы Altynor Mining Ltd компаниясының бас директоры болып тағайындалды. 2013 жылы «Казцинкке» геологиялық барлау жөніндегі   вице-президент болып келді. Қазіргі уақытта геологиялық барлау жөніндегі атқарушы директор лауазымын атқарады. Торонто университеті (Канада) геология ғылымдарының докторы.