Арман Айтмухаметович Алиев Арман Айтмухаметович Алиев

Арман Айтмухаметович Алиев

«Altyntau Kokshetau» АҚ бас директоры

1978 жылы туған. 2000 жылы Қазақ ұлттық техникалық университетін «Автоматика және техникалық жүйелердегі басқару» мамандығы бойынша бітіріп, Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде «Пайдалы қазбаларды байыту» мамандығын да игерді.

Еңбек жолын «Казцинк» ЗКБК АБЖ учаскесі жабдығын автоматтандыру құралдары мен технологиялық бақылау аспаптарының электромеханигі болып бастады.

Әр жылдары ЗКБК орталық автоматтандыру зертханасының бастығы, «Васильков КБК» АҚ Алтын айыру фабрикасы ТҮБАЖ қызметінің бастығы, Алтын айыру фабрикасының өндірістік-техникалық бөлімінің бастығы; Алтын айыру фабрикасының директоры, «Altyntau Kokshetau» АҚ өндіріс жөніндегі атқарушы директоры болып жұмыс істеді. 2022-2024 жылдары «Жәйрем КБК» АҚ басқарма төрағасы болды, 2024 жылдан бері «Altyntau Kokshetau» АҚ бас директоры.

III дәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгісімен, «Құрмет» орденімен марапатталған.

All soviet
Бөлісу