«Казцинктің» еңбек әулеті Қазақстанда үздік деп танылды. «Казцинктің» еңбек әулеті Қазақстанда үздік деп танылды.

Астанада «Еңбек жолы» республикалық байқауының қорытындысы шығарылды. Еліміздің үздік еңбек әулеті – Риддердегі Деминдер отбасы. Бұл отбасының жалпы еңбек өтілі 600 жылдан асады.

Әулеттің негізін қалаушы Михаил Васильевич Демин өз еңбек жолын 1933 жылы жөндеу-механикалық заводына (қазіргі «Қазцинкмаш») жұмысқа орналасудан бастады. Бүгінде «Казцинктің» әртүрлі бөлімшелерінде бұл отбасының бірнеше ұрпағы жұмыс істейді.