«Казцинк» «Алтай» кен байыту кешені қалдық қоймасы жағажайының бөгенін нығайту және суару жүйесін орнату жұмыстарын жалғастыруда.
Жобаның жақын маңдағы елді мекен тұрғындарының қауіпсіздігі үшін маңызы зор. Суару жүйесі қалдық қоймасының шаңдануы негізгі мәселесін шешеді. Қондырғы шаң бөгесінін жасап, жағажайдың периметрі бойынша көптеген су көпіршіктерінен сушымылдық құрады.
Компания 2021 жылы қалдық қоймасы жағажайының суару аймағын кеңейтті. Қазірдің өзінде оңтүстік және солтүстік жақтарында жұмыс істеп тұрған жүйеге жақын арада батыс жағынан суару бүріккіштері мен су шашу қондырғылары қосылады: Бүркуге арналған су осы жерден алынады және суару кезінде буланып кетеді.
Батыс бөлігіндегі жаңа жүйені монтаждау жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады. Ал келесі маусымда ол өз жұмысын бастайды.