hero-bg

Риддерлік металлург Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының чемпионы атанды Риддерлік металлург Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының чемпионы атанды

Қырғызстанда VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аяқталды, онда Қазақстан құрамасы жалпы медальдық есепте сөзсіз жеңіске жетті. Еліміз спортшыларының бұл жеңісіне «Қазцинктің» Риддер металлургия алаңшасының электролизшісі Мейір Рахметқалиевтің де үлесі бар. «Жекпе- жек арқан тартысы» бойынша Мейір әлемнің түкпір-түкпірінен келген ең мықты қарсыластарын жеңіп, алтын медаль иеленді.