Жаңа студияның басты ерекшелігі - ерекше қажеттіліктері бар балаларға қолжетімділік. Мұнда олар ортақ топтарда жұмыс істеп, қарым-қатынас жасайды, үйренеді және өз жасындағы балалармен тең дәрежеде шығармашылықпен айналыса алады. «Жанданған суреттер» және «Сегізаяқ» заманауи кешендері балаларға өз мультфильмдерін жасауға мүмкіндік береді. Жас мультипликаторлар, режиссерлер мен сценарийшілер кейіпкерлерді бояп, оларды жандандырады, дыбыс жазып, сахнаны басқара алады. Бірегей жобаға «Казцинк» компаниясы қолдау көрсетті.
Жабық