Өскеменде өткен турнир әлемнің 20 елінен 75 ойыншының басын қосты: олардың ішінде 20-дан астам гроссмейстер, 35 халықаралық шебер болды. Сайысқа «Казцинк» компаниясы демеушілік жасады.
Oskemen Оpen 2025 - Қазақстан Кубогының екінші кезеңі ғана. Одан әрі шахматшыларды күз айының соңында Қонаев қаласында тамыз ойындары -Kazakhstan Chess Cup 2025 ғаламат финалы күтеді, онда үздік 12 ойыншы кездеседі.
