ШҚО-да «Казцинктің» көмегімен балалар арасында экоконкурс өтті ШҚО-да «Казцинктің» көмегімен балалар арасында экоконкурс өтті

Оқушылар мен балалар үйлерінің тәрбиеленушілері арасында өтетін жыл сайынғы «Таза болса табиғат – адам болар адамзат» республикалық сурет байқауына 75 қатысушы жиналды. Балалар қарындаштармен, бояулармен, қылқаламдармен өздерінің қалауындағы таза, жасыл және қауіпсіз әлемді бейнеледі. Үздік суреттер бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Экологиялық конкурсқа «Казцинк» ЖШС компаниясы қолдау көрсетті.