Ақмола облысы әкімдігі мен кен металлургия компаниясы арасында жасалған меморандум аясында «Казцинк» қаражатына 500 орындық жалпы білім беру мекемесі салынды.
Мектепте балалар төменгі сыныптан жоғарғы сыныпқа дейін оқиды. Сабақ үшін химия, биология және физика кабинеттері, аспаздық, тігін және ағаш ұстасы, металл өңдеу шеберханалары жабдықталған. Кітапхана, заманауи асхана, спорт және акт залдары, коворкинг-аймақтар бар.
Мектеп "Жасыл мектеп" экологиялық бағытына ие: ботаникалық бақ жұмыс істеп тұр, жылыжай мен қылқан жапырақты көшеттер тәлімбағы жоспарлануда. Аумақта спорт және ойын алаңдары, демалыс аймағы жабдықталған.
