Жаңа алаңша мемлекет, жұмыс берушілер мен жұмыскерлер, оның ішінде олардың өкілдері – кәсіподақтар арасындағы ашық және сындарлы өзара іс-қимыл үшін құрылған. Оның негізгі міндеті – еңбек қатынастарының барлық тараптары арасында әріптестік қарым-қатынас орнату және туындайтын мәселелерді бірлесіп, бастамаларды, ұсыныстар мен жобаларды талқылау арқылы шешу.
Бұл орталық Қазақстанда өзара іс-қимылдың осындай форматындағы алғашқы үлгісі болды. Ол «Казцинк» пен «Парыз» жұмыс берушілер конфедерациясы арасында жасалған меморандум аясында ашылды.
