Риддер металлургиялық алаңшасында суды салқындатудың ақылды жүйесі қолданылады Риддер металлургиялық алаңшасында суды салқындатудың ақылды жүйесі қолданылады

Мұнда жабық айналым жүйелерінде суды тиімді салқындататын заманауи градирня орнатылды. Бұл қыздырылған сұйықтықты өзендер мен көлдерге шығармай, оны көп реттік қайта пайдалануға - салқындатуға, тазартуға және технологиялық үдеріске қайтаруға мүмкіндік береді.

БМГ-1500 градирнясы автоматты бақылау жүйесімен жабдықталған. Мамандар үдерісті нақты уақытта, қашықтан басқара алады. Бұл тәуекелдерді азайтып, жұмыс орнындағы қауіпсіздікті арттырды.