«Казцинктің» Риддер-Сокольный және Долинный кенорындарының шахталық суларының қолданыстағы тазарту құрылысжайларын кеңейту және қайта құрылмалау көзделіп отыр.

Жұмыс аяқталғаннан кейін қондырғылар кенорындарының шахта суларының барлық көлемін, сондай-ақ байыту фабрикасының артық айналым суын белгіленген нормативтерге дейін сүзе алады.
Болашақта объект компанияның жаңа кенорындарынан да су қабылдауға дайын болады.
