hero-bg

Риддерлік металлургтер арқан тартудан халықаралық турнирдің жүлдегері атанды Риддерлік металлургтер арқан тартудан халықаралық турнирдің жүлдегері атанды

Әлемнің 14 елінен спортшылар қатысқан жарыс Түркияның Мерсин қаласында өтті.

«Риддер» командасының құрамында мырыш заводының қызметкерлері — су ерітінділерінің электролизшісі Мейір Рахметқалиев, катодшы Айдын Жангонысов және пешші Ринат Ерболов сынға түсті.

Турнир қорытындысы бойынша риддерлік металлургтер қола жүлдеге ие болды.