ӨМА мырыш өндірісінің № 2 денсаулық сақтау пунктінің кезекші фельдшерлері Лимара Жамелова мен Елена Долгова-Сабурова жұмыс орнында клиникалық өлім орын алған "Казцинк-Транс" жүк тиегішінің жүргізушісін құтқарды. Жедел жәрдем келгенге дейін олар барлық қажетті реанимациялық шараларды өткізді.
Көрсеткен кәсібилігі үшін компания медицина қызметкерлеріне бағалы сыйлықтар табыстады.