Инклюзивті спартакиада ерекше қажеттіліктері бар балаларды, олардың ата-аналарын және Өскемен қаласындағы түзету және оңалту ұйымдарының мамандарын біріктірді.
Қатысушылар эстафета, қысқа қашықтыққа жүгіру, арқан тарту, қол күресі және өзге де белсенді сайыстарда бақ сынады.
Спартакиаданы «Казцинк» компаниясының қолдауымен NIET.WOMAN әйелдер бастамалары қауымдастығы ұйымдастырды.
