Өңіріміздің ең ірі компаниясы қоршаған ортаға жүктемені азайту жөніндегі іс-шараларды жалғастыруда.
26 жылда маңызды нәтижелерге қол жеткізілді. Өскемен металлургиялық кешені (ӨМК) күкірт диоксиді шығарындыларының көлемін 2001 жылғы 69 мың тоннадан 2022 жылы 16 мың тоннаға дейін елеулі түрде азайтты. Қоршаған ортаға әсерді бұдан әрі қалай төмендету көзделетіні туралы БАҚ өкілдеріне баяндалды. Металлургтердің айтуынша, өткен 12 айда Өскеменде 35 түрлі экологиялық бастама енгізілген. Бірқатар іс-шаралар арқылы жабдықтарды жоспарлы жөндеу, технологиялық үдерістерді оңтайландыру, сүзгілеу жүйелерін қайта құру, сондай-ақ көгалдандыру жөніндегі жобалар да бар көзделді. «Қазгидромет» мемлекеттік мониторинг жүйесінің деректері бойынша Өскемендегі SO2 орташа құрамы 0,7 ШРК құрады. Ал ауадағы қорғасын құрамы нормадан аспайды және 0,5 ШРК деңгейінде. Яғни, екі жағдайда да – шектік рұқсат етілетін деңгейден төмен. Келешек туралы сөз қозғар болсақ, «Казцинк» 2023 жылы табиғатты қорғау іс-шараларына 722 миллион теңге жұмсамақ. Оның ішінде атмосфералық ауаны қорғауға 315 миллион теңге жұмсау көзделуде. Алдағы екі жыл құрамында күкірті бар газдарды өңдеу үдерісін жетілдіруге арналады. Бұл үшін күкіртқышқылы заводын қайта құрылмалау қажет. Осы мақсатта тиісті жобалар дайындалып қойды. Аталған іс-бастамалар кәсіпорынның атмосфераға түсетін әсерді азайту жөніндегі стратегиясының үлкен бөлігі болып табылады. 2025 жылдың соңына дейін қолданыстағы қондырғыларды жіті тазартумен жабдықтау жоспарлануда, бұл күкірт диоксиді шығарындыларының көлемін тағы мың тоннаға төмендетуге мүмкіндік береді.