«Казцинк» Бұқтырма су қоймасына тұқы балығының 300 мың құртшабағын жіберді «Казцинк» Бұқтырма су қоймасына тұқы балығының 300 мың құртшабағын жіберді

«Казцинк» Қазақстанның ірі жер қойнауын пайдаланушысы болып табылады. Бұқтырма су қоймасының балық түрін молайту – оның экологиялық бағдарламасына кіреді. Жыл сайын балық құртшабақтарын өсіру үшін Бұқтырма уылдырық шашу-өсіру шаруашылығына қаржы бөлінеді. Тұқы балығының 300 мың құртшабағы ондағы балық қорын молайтады. Компания сондай-ақ өзен фаунасын қалпына келтіру үшін балық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығымен тығыз ынтымақтастық орнатқан.