Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-да «Бірінші курс таланттары» байқауының дәстүрлі гала-концерті өтті. Қатысушылар вокал мен хореографиядан бастап әзіл-оспақ пен бейне түсіруге дейінгі әртүрлі бағытта өнер көрсетті. Байқау соңында қазылар алқасы түрлі аталымдар бойынша жеңімпаздарды атап өтті.
Іс-шараға дәстүрлі түрде «Казцинк» қолдау көрсетті.




