«Казцинк» Риддердегі Таловское қалдық қоймасының жұмысын барынша қауіпсіз етуге тырысады. Объект 1979 жылы құрылған. Қазір мұнда «Казцинктің» кен-байыту өндірісінің қалдықтары қоймаланады.
Кеншілер қалдық қоймасын үздіксіз қайта жаңартуда. Неғұрлым дәйекті ақпарат алу үшін 2017 жылдан бері ғарыштық монмиторинг жүзеге асырыуда. Ғарыштан алынған деректер арқылы морын алуы мүмкін шөкпелерді анықтап, дерек қорғаныс шараларын қолдануға болады.
Қауіпсіздік деңгейін арттыру үшін 2018 жылы бөген құралымын күшейту туралы шешім қабылданды. 2020 жылдың маусым айында қосымша ауырлатқыш құрылысы аяқталды. Қазір бөгеннің орнықтылық көрсеткіштері заңнамада талап етілген, рұқсат етілетін деңгейден шамамен екі есе асады. Құрылысжай магнитудасы 8 балл және одан жоғары жер сілкіністеріне төтеп бере алады.
Сондай-ақ «Казцинк» аудан тұрғындары арасында ақпараттық жұмысты жалғастыруда. Үндеухаттар, бейнероликтер, арнаулы плакаттар арқылы азаматтарға табиги және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар кезіндегі іс-әрекеттің аса маңызды қағидалары түсіндірілуде.