«Казцинктің» басшылары балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне болашақ мамандықтарын таңдауға көмектеседі «Казцинктің» басшылары балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне болашақ мамандықтарын таңдауға көмектеседі

Шығыс Қазақстан облысының ең ірі компаниясы қамқорлығындағы «Үміт» балалар үйіне демеушілік қолдау көрсетіп қана қоймайды. «Казцинктің» топ-менеджерлері тәрбиеленушілермен үнемі кездесіп тұрады және түрлі аса маңызды мәселелер туралы сөйлеседі. Оқушылар үлкендерден үнемі өмірде өз бейімділіктерін табу, мансап құру, басымдықтар мен мақсаттарын қалай дұрыс қоюға болатыны туралы сұрайды. Осы және басқа да көптеген сұрақтарға «Казцинк» ЖШС-нің әкімшілік мәселелер жөніндегі атқарушы директоры Андрей Лазарев, өз өмірінен мысалдар келтіре отырып, жауап берді. Балалармен кездесуде ол студенттік шағы, еңбек жолының басталуы мен мансабын қалай құрғаны туралы айтты. Басшы, сондай-ақ, болашақ түлектерге мамандық таңдауға үлкен жауапкершілікпен қарауға кеңес берді.

Іс-шараның жалғасында жоғары сынып оқушыларына кәсіптік бағдар алу үшін тест тапсыру ұсынылды. Оның нәтижесі оқушылардың жоғары немесе орта оқу орнына түсу кезінде мамандық таңдау алдында ең мықты жақтарын анықтауға көмектеседі. Тестілеу қорытындысы бойынша балалар, сондай-ақ, «Казцинктің» оқу бағдарламаларына түсіп, келешекте өңіріміздегі ең ірі кен-металлургия кәсіпорнында еңбек жолдарын бастай алады.