hero-bg

«Казцинк» «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық фестиваліне ат салысты «Казцинк» «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық фестиваліне ат салысты

Компания Катонқарағай ауданындағы іс-шараны өткізуге қолдау көсетті. Фестивальға 50 мыңға жуық адам келді.

Қонақтарға әзірленген бағдарлама бай болды: айтыс, ұлттық ат спорты түрлері бойынша жарыстар, халық қолөнерінің көрмелері, этномәдени іс-шаралар және т.б. Кешке Қазақстанның белгілі әртістері мен Түркі әлемі елдерінің орындаушылары қатысқан үлкен гала-концерт болды. Мерекенің басты қонағы қазақстандық атақты әртіс Димаш Құдайберген болды.

Сондай-ақ фестивальда заманауи цифрлық әзірлемелер көрсетілді. «Казцинк» осы экспозицияға қатысушылардың бірі ретінде өндіріске енгізілген цифрлық шешімдерін көрсетті.