«Казцинк» Нұр-Сұлтанда 2 маусымда өткен Green life Better экологиялық конгресінің бас серіктесі болды. Ірі компаниялардың, мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың өкілдері табиғатты қорғау бастамаларының болашақ дамуы мен тұрақты дамудың негізгі қағидаттарын және жаһандық үдерістердегі әйелдердің рөлін талқылады.
Ауқымды шараны ұйымдастырушы – қазақстандық аймақтық экологиялық бастамалардың Еcojer қауымдастығы. Конгресті Біріккен Ұлттар Ұйымы мен «БҰҰ-Әйелдер» құрылымы қолдады.
Пленарлық отырыстарда ірі компаниялар, қоғамшылдар қоршаған ортаға әсерді барынша азайтуды ескеріп, келешектегі индустриялық трансформацияның алғышарттары туралы пікірлерімен алмасты.
Тұрақты дамудағы әйелдердің бастамалары тақырыбына ерекше назар аударылды. БҰҰ мен TurkPA (Түркітілдес елдердің Парламенттік ассамблеясы) өкілдері әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту және гендерлік теңдікті ескеретін ең озық саясаттарды енгізу туралы айтты. Форум аясында дүниежүзілік экономикалық форуммен бірлесіп іске асырылатын Қазақстандағы гендерлік алшақтықты азайту жөніндегі акселераторға жеке компаниялардың қосылу рәсімі өтті. Бастамаға «Кзцинк» те қосылды.