«Казцинктің» Шығыс Қазақстан өңіріндегі алаңдарының бірі – «Алтай» кен байыту кешенінде ауқымды командалық-штабтық оқу-жаттығулар өткізілді. Оған қатысушылар алдында тәжірибе жүзінде КБК-нің қалдық қоймасында болған болжамды апатты қалай дұрыс әрі тиімді жою міндеті тұрды. Сондай-ақ аса маңызды міндеттердің бірі – жақын маңдағы елді мекендер тұрғындарын қауіпсіз жерге шығару еді.
Фабрика қызметкерлері мен шұғыл қызмет адамдары – кен апатынан құтқарушылар, өрт сөндірушілер, мердігерлік ұйымдар мен мемлекеттік органдар дабыл бойынша әрекет жасады.
Нәтижесінде барлық тараптар оған қатысушылардың іс-қимылдарының үйлесімді болғандығын атап көрсетті.
Естеріңізге сала кетейік, «Казцинк» объектіге үнемі қайта құрылмалау, тұрақты мониторинг жүргізіп тұрады және жыл сайын аудан тұрғындары арасында ақпараттық науқан ұйымдастырады.