hero-bg

«Казцинк» Өскемен кітапханаларының біріне интерактивті киіз үй сыйлады «Казцинк» Өскемен кітапханаларының біріне интерактивті киіз үй сыйлады

Шығыс Қазақстан облыстық балалар-жасөспірімдер кітапханасының жанында Дәстүр HUB шығармашылық кеңістігі ашылды. Мұнда подкасттар жазу, әдеби кездесулер, шеберлік сыныптары, қазақ тілін үйрену курстары және басқа да іс-шаралар өткізу жоспарлануда.

Өскемен тұрғындарына интерактивті киіз үйді «Казцинк» сыйлады. Жоба Қазақстанда цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында жүзеге асырылды.