Өскемендегі «Восток» стадионы салтанатты кештің басты алаңына айналды. Қонақтарды интерактивті алаңдар мен тақырыптық фотоаймақтар қарсы алды. Жұмыс униформасындағы Android роботы ерекше назарда болды.
Салтанатты бөлімде үздік бөлімшелер марапатталды.
Дәстүрлі түрде компания тағайындаған «Ізгі жүрек» сыйлығын табыстау рәсімі де болды. Басқа адамдарды құтқару үшін өз өмірін қатерге тіккен үш ержүрек шығысқазақстандық марапатқа ие болды.
Мереке танымал орындаушылар қатысқан үлкен концертпен аяқталды. Қонақтарға Мирас Жүгінісов, «Мадагаскар» және «Банд' Эрос» топтары өнер көрсетті.
Мерекелік іс-шара компания бөлімшелері орналасқан барлық елді мекендерде өткізілді.
