«Бірге жақсылық жасаймыз» еріктілер қозғалысының қоғамдық қорының бастамасымен облыс орталығында бірегей көше контейнерлері пайда болды. Олар жұппен орнатылған: біреуі киім, аяқкиім және тоқыма бұйымдар жинауға, екіншісі сақталу мерзімі ұзақ азық-түлік пен алғашқы қажеттілік тауарларына арналған. Қораптар тәулік бойы жұмыс істейді.
Әлеуметтік бастамаға «Казцинк» қолдау көрсетті.
