Компания делегациясы Қарағанды облысының бірқатар өнеркәсіптік кәсіпорындарында болып, қуаттылықтармен және кен-металлургия өндірісінде сұранысқа ие болуы мүмкін өнім түржиынымен танысты.
Сапар соңында өңір әкімшілігі мен "Казцинк" арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжат тараптардың елішілік құндылықты дамыту, жергілікті жеткізушілерді қолдау және өндірістік тізбектерде қазақстандық қамтудың өсімін ынталандыру жөніндегі ниеттерін бекітеді.