"Казцинк" еңбек қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша "Қорғаушы" форумын өткізді "Казцинк" еңбек қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша "Қорғаушы" форумын өткізді

Мұндай форматтағы іс-шара ШҚО-да алғаш рет өтті. Мемлекеттік органдардың, бизнес өкілдері мен компанияның серіктестері тәжірибе алмасу үшін бір алаңда жиналды.

Қатысушылар өндірістік қауіпсіздікке цифрлық шешімдер мен озық тәжірибелерді енгізуді, заманауи жеке қорғаныс құралдарын пайдалануды, жұмыс орындарының гигиенасын, сондай-ақ мердігерлік ұйымдарды басқарудың тиімді тәсілдерін талқылады.

Компанияда қауіпсіздік деңгейін арттыру бойынша жұмыс үздіксіз жүргізілуде және барлық деңгейлерді қамтиды. «Казцинктің» ЕҚ және ӨҚ саласындағы енгізген шараларын бүкіл әлем бойынша серіктестердің қолдануы бірінші рет емес.