"Казцинк" "Қауіпсіздік үздігі" акциясын өткізді "Казцинк" "Қауіпсіздік үздігі" акциясын өткізді

Өскемен, Риддер, Алтай және Серебрянск мектептерінің бастауыш сыныптарының 25 мыңға жуық оқушысына көшеде және қоғамдық көлікте жүріп-тұрудың, сондай-ақ әлеуметтік желілердегі қауіпсіз мінез-құлықтың қағидалары жазылған жаднамалар таратылды. Үнпарақта балалар ересектермен бірге үйден мектепке дейінгі және кері бағыттағы жолдың қауіпсіз бағдарын жасайтын бөлім қарастырылған.

Бастаманы «Казцинк» компаниясы ШҚО Білім басқармасы және Полиция департаментімен бірлесіп жүзеге асырды.