Компания кен металлургия саласында «Алтын Гефест» беделді марапатына ие болды. Биылғы жылы ірі кен металлургия ұйымдарының бірі «Өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша жыл көшбасшысы» номинациясын жеңіп алды.
«Алтын Гефест» мүсіншесі Astana Mining & Metallurgy (АММ) 15-ші конгресі аясында табысталды. Бұл - сарапшылар, компания басшылары және тау-кен металлургия секторының мамандары бас қосатын жыл сайынғы форум.
