«Казцинк» «Жас геолог» олимпиадасын өткізуде қолдау көрсетті «Казцинк» «Жас геолог» олимпиадасын өткізуде қолдау көрсетті

Семейде II Республикалық далалық олимпиада қорытындыланды. Жоба аясында Астана, Алматы, Шымкент, Абай, Жамбыл, Шығыс Қазақстан және басқа облыстардан келген оқушылардың 15 командасы далалық зерттеулер жүргізді, тау жыныстары мен минералдарды анықтап, викториналар мен шығармашылық байқауларға қатысты.

Командалық және жеке сынақтардағы жеңімпаздарды қазылар алқасы анықтады. «Жас геолог» олимпиадасын өткізуге «Казцинк» көмек көрсетті.