«Казцинк» мектеп шеберханаларын жабдықтауда көмек көрсетті «Казцинк» мектеп шеберханаларын жабдықтауда көмек көрсетті

Компанияның қолдауымен № 8 арнайы мектеп-интернатта ағаш шеберлігі, кесте тігу және тоқу, ою өнерінің үш шеберханасы жаңартылды.

Оқу кабинеттерінде компьютерлендірілген және кестелейтін тігін машиналары, әмбебап шеберүстелдер, дәнекерлеу жұмыстарына арналған жабдықтар орнатылып, қажетті қосалқы құралдармен, керек-жарақтармен жабдықталды.