Жоба ШҚО әкімдігі мен «Казцинк» арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында Квартал ауданында жүзеге асырылды. Компания абаттандыруға шамамен 40 миллион теңге жұмсады.
Алаңшада ойын және спорт элементтері орнатылған, сондай-ақ қауіпсіздік пен жайлылық үшін жұмсақ резеңкеленген жабын бар. Ыңғайлы болу үшін орындықтар қойылды.
