Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің студент қыздары бірнеше конкурстық кезеңнен өтті. Қыздар өздерінің қызығушылықтарымен, болашақ жоспарларымен бөлісті, әртістік өнерлерін көрсетіп, қазылар алқасының сұрақтарына жауап берді.


Бас жүлдені Таңсайра Мұралбек жеңіп алса, вице-мисс атағын Томирис Әлімханова мен Арна Советканова иеленді.
Сұлулық байқауы «Казцинктің» қолдауымен өтті.
