Өскеменде WorldSkills, AgroSkills, сондай–ақ ерекше қажеттіліктері бар қатысушылар үшін Abilympics халықаралық жарыстарының өңірлік кезеңі өтті.
Іріктеуге 170 студент пен жас мамандар қатысты. Олар дәнекерлеу және электрмонтаждау жұмыстарынан бастап графикалық дизайн мен веб-әзірлемелерге дейінгі әртүрлі құзыреттіліктерде бақ сынасты. Үздіктер бағалы сыйлықтармен марапатталып, жеңімпаздар күзде Астана қаласында өтетін республикалық кезеңде ШҚО-ны таныстыру құқығына ие болды.
Өңірдегі WorldSkills қозғалысына «Казцинк» компаниясы көмек көрсетеді.