«Казцинк» студенттерге арнап «Жұмысшы болсаң, мықтысың!» форумын ұйымдастырды «Казцинк» студенттерге арнап «Жұмысшы болсаң, мықтысың!» форумын ұйымдастырды

Бір алаңда Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ мен бейінді бағыттағы колледждердің 100-ге жуық студенті жиналды. Қатысушыларға корпоративтік бағдарламалар таныстырылып, бір кездері өздері студент болған және осындай жобаларға қатысқан компания өкілдерімен кездесу өткізілді. Практикалық шеберлік сыныптарында студенттер тиімді түйіндеме жазуды және сұхбаттан сәтті өту жолдарын үйреніп қана қоймай, сонымен қатар қаржылық сауаттылық, шешендік өнер мен жоғары білікті маман иесіне қажет болатын басқа да құзыреттілік дағдыларын нығайтты.