«Казцинк» пен ШҚО колледждері білім беру Альянсын құру туралы меморандумға қол қойды «Казцинк» пен ШҚО колледждері білім беру Альянсын құру туралы меморандумға қол қойды

Жыл сайын 500-ге жуық колледж студенттері «Казцинк» бөлімшелерінде, оның ішінде қосарлы оқыту жүйесі бойынша өндірістік практикадан өтеді.

Альянс құру мамандарды неғұрлым тиімді даярлауды қамтамасыз ете отырып, компания мен өңірдің оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға және кеңейтуге мүмкіндік береді. Білім беру бағдарламаларын әзірлеу, студенттер үшін өндірістік практикалар мен тағылымдамаларды ұйымдастыру ғана емес, сонымен қатар «Казцинк» кәсіпорындары базасында оқу орындары оқытушыларының біліктілігін арттыру жоспарлануда.